Кенжеқанова Құралай Кенжеқанқызы 1987 жылы ШҚО туылды. Құралай - 1994-2005 жж. аралығында Күршім орта мектебінің түлегі. 2005-2009 жж. аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша филология факультетінде оқыды. 2009-2010 жж. сол университеттің «Шетел филологиясы» мамандығы бойынша магистратурада оқып, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін алды. Әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері, жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасында 2010 жылдан бастап ағылшын тілінен сабақ береді. 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Филология» мамандығының докторантурасына түсіп, білім алуда. 2013 жылдың жазында Колумбия университетінде (Нью-Йорк, АҚШ) ғылыми-зерттеу тәжірибесінен өтті.
Білім беретін мекеме |
Квалификация |
Аяқталу күні |
---|---|---|
ҚазХҚӘтУ |
Жоғары |
2009 |
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
---|---|---|
PhD докторы |
01.04.2016 |
0
құжаттар
0